27.06.2010 баспасөз-релизҚұрметті достар, 2010 жылғы 27 маусым күні сағат 10.00 «Қазақстан» Орталық концерттік залының үлкен конференц-залында жаңа “ASTANA” Халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінің ұйымдастырушыларымен баспасөз-конференция өтеді. Кинофестиваль Президентіне, танымал режиссер және продюсер Тимур Бекмамбетовке, кинофестиваль идеясының ортақ авторы, William Morris Agency WME агенттігінің продюсері Майк Симпсонға және кинофестивальдің Бас директоры Ирен Ванидовскаяға өз сауалдарыңызды қоя аласыздар. Сондай-ақ, баспасөз конференциясына кинофестивальдің Бас серіктесі - "Казкоммерцбанк" АҚ PR-департаментінің директоры Лариса Коковинец қатысады. Фестиваль 2010 жылғы 27 маусымда басталады, Фестивальдің Ресми ашылу салтанаты 2010 жылғы 28 маусымда сағат 18.00 өтеді. Фестивальдің ашылу және жабылу салтанаты Астана қаласы, Орынбор к-сі, 10/1-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан» Орталық киноконцерт залында өтеді. Жыл сайынғы “ASTANA” Халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалі - «Bazelevs» компаниясының және Астана әкімдігінің ортақ жобасы. Шараның идеясы Тимур Бекмамбетовтың («Bazelevs») және продюсер Майк Симпсонның (William Morris Agency Llc, USA) Қазақстан астанасына келуі барысында туындады және Астана қаласының Әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қолдауымен шындыққа айналды. Кинофестивальдің Бас серіктесі - «Казкоммерцбанк» АҚ Бас ақпараттық серіктес - "ЕВРАЗИЯ" бірінші арнасы Кинофестивальдің ресми байланысы - Т «КаР-Тел/ТМ BEELINE» ЖШС.
Қазақстан астанасының туылған күні қарсаңында ұйымдастырушылар Республика жүрегіне әлем кино жұлдыздарын, әйгілі актерлерді, режиссерлерді, мәдениет және өнер қайраткерлерін, продюсерлерді және әлеуетті инвесторларды жинайтын нағыз кино мерекесін сыйламақ. «ASTANA» Халықаралық экшн-фильмдер фестивалі жыл сайынғы мереке ретінде ойластырылған. Осы жылы Фестиваль алғаш рет өткізіледі, қазылар алқасының жұмысы жоспарланбаған. Бұл Фестиваль қонақтарына Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан астанасын көрсетудің, сонымен қатар әлемде pjh сұранысқа ие «экшн» стиліндегі үздік фильмдерді ұсынудың керемет мүмкіндігі. Сондай-ақ, Кинофестиваль Қазақстан аумағынан тыс киноөнімдерді және қазақстандық фильмдерді дистрибьюциялау нарығы бойынша инвесторлар мен қарқынды дамушы серіктестермен қарым-қатынаста болу, оларды іздестіру алаңы атануы тиіс. Фестивальдің ресми бағдарламасы АҚШ, Еуропа, Азия және ТМД елдерінің 20 толық метражды ойын картиналарын конкурстан тыс көрсету болып табылады. Бес күн бойы көрермендер танымал фильмдерді, жыл киножаңалықтарының премьераға дейінгі көрсетілімдерін көре алады. Фестиваль аясында біріккен киножобаларды құру мәселелері бойынша голливуд және азия (Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қытай) продюсерлерінің қатысуымен Дөңгелек үстел өткізіледі. Баспасөз қызметі өз тарапынан журналисттерге Фестиваль шараларына байланысты барлық ақпаратты ұсынуға дайын. |






































