АстанаОрта азиялық феномен Астана - әлем бойынша ең жас астана, сонымен қатар, республиканың саяси-әкімшілік, іскер және мәдени орталығы болып табылады. Астанада барлық өкіметтік ұйымдар мен дипломатиялық елшіліктер, көптеген шет елдік мекемелер орналасқан. Жалпы әлемдік тәжіребиеде ірі қалалардағы миграциялық өсу қарқыны әдетте 2 пайыздан да аспайды. Мысалға, Париж бен Нью-Йоркте өсу қарқыны жылына 0,4 пайыздан 0,6 пайызға дейін жетсе, Шанхай мен Калькуттада 1,4 пайыздан 1,8 пайыз.
Астананың сапалы әрі аумақты дамуы ең алдымен шығыстық дәстүрлер мен беделді батыстық сәулетші қиялдарының шарықтауы, қаланың сәулеттік келбетімен тығыз байланысты. Қаланың бас жоспары елбасы Назарбаевтың жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кише Курокаваның өнері арқылы қалаға евразиялық келбет келтіре отырып, іске асты. «Бейбітшілік пен келісім сарайының» және «Хан шатыры» ғимараттарының бірегей сәулеттік жобалары итальяндық Манфреди Николетти өнерпаздың қиялынан туған. Елдің бас қаласы Астананның символы «Бәйтерек» мұнарасы. Бұл ғимарат қаланың дәл ортасында орналасқан және оның әр құрылымы өзіндік нышандармен айғақталған. Дәл ортасында орналасқан алтын күннің биіктігі 97 метр, және ішкі құрылымы да үш бөлікке бөлінген. Және оның әр қайсысының өз мағынасы бар. 97 саны ол елорданың Алматы қаласынан Астана қаласына ауысқан жылды белгілейді. Екінші ерекше ғимарат «Бейбітшілік және келісім сарайы» пирамида іспетті. Бұл ғимарат 2006 жылы бой көтерді және Қазақстанның сәулеттік мақтаныштары жайындағы кітапта алтын әріптермен жазылған. Оның жалпы аумағы – 25,5 мың шаршы метр. Пирамиданың негізгі бөлігінде 1,5 мың орын опера залы орналасқан. Бейбітшілік және келісім сарайында көптеген әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының жиындары мен кездесулері өтеді. «Хан шатыр» сауда ойын-сауық кешені бейбітшілік пен келісім сарайының заманауи техникалық тізбегін ерекше Батыс елдерінде кездеспейтін шешімдерімен жалғасын тапқан. Биіктігі 200 м. жететін бұл құрылым қаланың басты сәулет өнеріне айналды. Оның сыртқы құрылымы майда торлы шатырдан жасалып, ETFE – фторполимер құрылыстық сайман түрімен өңделген. Бұл құрылыс жабдығының ерекшелігі –күн сәулесінен және ішкі бөлмені суық пен ыстықтан қорғайды. Тағы да қаланың мақтанышы ол «Қазақстан Атамекенінің картасы» атты этнографиялық саябақ.. Бұл саябақ Қазақстанның барлық қалаларының макеті мен Қазақстанның тарихи ескерткіштердің жиынтық көшірмесі жинақталған ашық аспандағы мұражай ретінде көпшіліктің сүйікті демалу орнына айналды. Сонымен қатар, Астанада орта Азиядағы жалғыз океанариум бар.
Үлкен фестивальдар мен опералық концерттер кинокөрсетілімдер Астана қаласының 3500 орыны бар «Қазақстан» орталық киноконцерт залында өтеді. Бұл ғимарат итальян сәулетшісі Манфреди Николеттидің жобасы бойынша жүзеге асты. Сәулетшінің қиялынан туған бұл ғимараттың өзіндік ерекшелігі жылжымалы төбе болып табылады. Соның арқасында концерттік холл залдағы әуенге байланысты опера немесе симфоникалық концерт болса, көлемін өзгерту мүмкіндігіне ие болады.
Жыл сайын қалада түрлі халықаралық көрмелер мен музыкалық шаралар және көптеген фестивальдар ұйымдастырылып жатады. Мәдени қала Астананың төрінде Ұлттық опера және балет театры, орыс драма театры, Қазақ музыка драма театры, және көптеген мұражайлар қашанда келемдеушілерге есіктерін айқара ашады. Осының барлығы бұрыңғы қала мен жаңа қала келбетін бір арнаға ұштастырады.
|
|
Cannot receive data
|
|


